
«Барселона» ағылшын ойыншысын жалға алып, кейін 30 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігіне ие болады
Француз жартылай қорғаушысы Поль Погба өзінің бұрынғы клубы «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшы Маркус Рэшфордпен қоштасу туралы шешіміне шүйлікті.
Еске салайық, испандық «Барселона» ағылшын ойыншысын жалға алып, кейін 30 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігіне ие болады.
«Бұл – ессіздік, бірақ мен Маркус үшін қуаныштымын. Өйткені “МЮ” оны есептен шығарып тастады. Олар осылайша керемет ойыншыдан айырылып отыр. Бұл – олардың соры, ал “Барса” үшін үлкен олжа.
“Юнайтед” бірнеше жаңа ойыншы алды, жаңа бапкер өз жобасын бастамақ. Меніңше, Аморимнің кінәсі жоқ. Егер ол біреуге сенбесе, бұл – оның таңдауы. Бірақ ол жеңіске жетуі тиіс. Жеңілсе, оны орнынан босатады», – деді Погба IShowSpeed арнасына берген сұхбатында.