
Рэшфорд өткен маусымның екінші жартысын "Астон Вилла" сапында арендада өткізді
Каталониялық Mundo Deportivo басылымының хабарлауынша, "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Маркус Рэшфорд "Барселона" клубына ауысар алдында медициналық тексеруден сәтті өтті.
Бұған дейін тараптар ойыншыны бір жылға жалға беру туралы келіскені айтылған болатын. Келісім-шартта сатып алу құқығы да қарастырылған — ол шамамен 30 миллион еуроны құрайды.
Айта кетейік, Рэшфорд өткен маусымның екінші жартысын "Астон Вилла" сапында арендада өткізді. Ол 17 матчта 4 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.