Криштиану Роналду Джорджина Родригеске үйлену туралы ұсыныс жасады

Редактор 1gol.kz
11.08.2025, 23:05

Қазіргі таңда футболшының жасы 40-та, ал Джорджина – 31-де.

Криштиану Роналду Джорджина Родригеске үйлену туралы ұсыныс жасады
Джорджина Родригес

Португалия құрамасының және Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубының жұлдызды шабуылшысы Криштиану Роналду сүйіктісі Джорджина Родригеске некеге тұруға ұсыныс жасады. Бұл жайында испандық модель әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

– Мен келісемін. Бұл өмірде де, басқа өмірлерде де, – деп жазды Джорджина, қолындағы гауһар тасты жүзіктің суретін бөлісіп.

Роналду мен Родригес 2016 жылдан бері бірге. Қазір олар бес баланы тәрбиелеп отыр. Криштианудың тұңғышы – Криштиану-жуниор – 2010 жылы дүниеге келген. 2017 жылы футболшы суррогат ана арқылы егіздер – Ева мен Матеоны қарсы алды. Кейін Джорджина оған екі қыз сыйлады – Алана Мартина мен Белла Эсмеральда.

Айта кетейік, Роналду 2010–2015 жылдары ресейлік супермодель Ирина Шейкпен қарым-қатынаста болған.

Қазіргі таңда футболшының жасы 40-та, ал Джорджина – 31-де.

Ваша реакция
👍 0
👎 0
😆 0
😡 0
×
ҚПЛ АПЛ Ұлттық құрама Ла Лига А Сериаясы Жаңалықтар