
"Атырау" футбол клубы бас бапкер Константин Горовенконың отставкаға кеткенін ресми түрде хабарлады.
48 жастағы маман өз еркімен қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп жазады kpl.kz.
Горовенко маусым басталар алдында команданың тізгінін ұстаған болатын. Ол командамен екі оқу-жаттығу жиынын өткізді. Оның басшылығымен "Атырау" Қазақстан чемпионатында алты матч, ал Қазақстан Кубогында бір ойын өткізіп, тек бір ғана жеңіске қол жеткізді.