Игорь Леонов "Ақтөбе" клубының бас бапкері қызметінен кетті

Редактор 1gol.kz
01.05.2025, 00:38

"Ақтөбе" футбол клубы бас бапкер Игорь Леоновпен келісімшарттың бұзылғанын ресми түрде хабарлады, деп жазады kpl.kz.

Игорь Леонов "Ақтөбе" клубының бас бапкері қызметінен кетті
Фото: instagram/Актобе

Клубтың мәліметінше, маман қызметінен отбасылық жағдайларға байланысты өз бастамасымен кеткен. Басшылық оның өтінішін қабылдап, екі жақтың келісімімен еңбек қатынасын тоқтатты.

Игорь Иванович 2024 жылы "Ақтөбе" клубының тізгінін ұстап, командамен бірқатар жетістікке жетті — қызыл-ақтар Қазақстан Кубогын жеңіп алып, Премьер-лигада үшінші орынды иеленді.

Жаңа бас бапкер тағайындалғанға дейін бұл міндетті Вячеслав Дмитриевич Левчук атқаратын болады.

Ваша реакция
👍 0
👎 0
😆 0
😡 0

Теги:

×
ҚПЛ АПЛ Ұлттық құрама Ла Лига А Сериаясы Жаңалықтар